26.10.2023
Ағымдағы жылдың 23 қазан күні Республика күні қарсаңында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің бөлімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Негізгі мақсат - жастарды волейбол спорт түріне тарту, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа 7 бөлімнің құрама командалары қатысты. Нәтижесінде қыздар арасында Бас жүлдені "Дене мәдениеті" бөлімі, I орынды "Ағылшын" бөлімі, II орынды "Бастауыш мектеп" бөлімі және III орынды "Мектепке дейінгі" бөлім иеленді. Құттықтаймыз!!!