16.10.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіне жыл сайын ұстаздықты таңдап, кәсіби білім алу мақсатында қабылданған ер балалардың саны артуда. Осыған орай ағымдағы жылдың 12 қазан күні колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан ПҒА академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы Ахат Нұртас Ахатұлымен дәстүрлі колледж ер балаларының кездесуі өтті. Білім ордасының өзіндік ерекшелігі – оқу орнындағы ер балалар тәрбиесіне ерекше назар аударуында. Осы орайда студенттерге колледждің ер балаларға арналған Студенттер Жарғысы, Ар-намыс кодексі, ережелері баса айтылды.