АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Үйірме-секциялардың жәрмеңкесі

28.09.2023
2023 жылдың 28 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде үйірме-секциялардың жәрмеңкесі өтті. Бұл игі шара студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына орай ұйымдастырылып отыр. Аталмыш жәрмеңкеде үйірме-клубтардың жеткен жетістіктері көрсетіліп, студенттердің қызығушылығын оятты. Бұл үйірме-секциялар арқылы олар өздерінің қарым-қабілеттерін жетілдіріп, жігерлерін шыңдай түседі. Топтасып жұмыс істеудің нәтижесінде әр студент ұйымшылдыққа, бірлесіп жеңіске ұмтылуға үйренеді. Студенттер өздері қалаған, армандап жүрген дағдыларын, қарым-қабілеттерін жетілдіру үшін қажет деп тапқан үйірме, секцияларына жазылды. Шығармашылыққа, спортқа бейім, әскери-патриоттық, саяси-интеллектуалдық позициясын ашық айтып, жеке қабілеттерін дамытуды мақсат еткен, колледж абыройын асқақтатуға, ұлт болашағына өз үлесін қосқысы келетін дарындылар аталмыш іс-шарадан табылды. Айта кету керек, оқу орнында 30-ға жуық үйірме жұмыс істейді.
Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст