АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

SWING ТРЕЙДЕРЛІК ҮЛГІ САБАҒЫ

26.09.2023
2023 жылдың 26 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде озық тәжірибені тарату мақсатында колледж директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Жоламанова Тойындық Молдағалиқызының «Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің дамуы, оған үлес қосқан ғалымдар жайлы ақпаратты талқылау, зерделеу, саралау» тақырыбындағы swing трейдерлік үлгі сабағы өтті. Негізгі мақсат – әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің дамуын, оған үлес қосқан ғалымдар жайлы ақпараттарды талқылау, студенттердің өздігінен жұмыстануына ықпал жасау, топтық, ұжымдық жұмыстар арқылы студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру. Үлгі сабақ барысында мультимедиялық технологиялар тиімді қолданылып, мақсатты жүзеге асырылды. Атап айтсақ, «Рadlet» тақтасы, «Flippity.net» платформасы топқа бөлу, тапсырманы беру және тақырыпты бекіту, сабақты қорытындылау кезінде ұтымды пайдаланылды. Сондай-ақ формативті бағалаулар «Білім заряды» және «Екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы іске асырылды.
Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст