АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Еңбек күнін мерекелеу аясында назарларыңызға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің 2011 жылғы түлегі Сураганов Дамир Шоқанұлының еңбек жолындағы жетістіктерімен таныстырмақпыз. Бүгінде үлгілі ұстаз Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры болып қызмет етеді. Еңбек жолында біршама жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. 2018 жылы облыстық «Үздік қазақ тілі мұғалімі» конкурсының бас жүлдесін иеленсе, келесі жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен республикалық Тамыз кеңесіне қатысты. Сондай-ақ 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламсының аясында облыстық «Тіл дарыны» байқауында II дәрежелі дипломды еншілесе, 2021 жылы «Табысты менеджер» облыстық мектеп директорлары арасындағы конкурста да ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар облыстық директорлар арасында өткізілген дебат турнирінде І орынның иегері атанса, кейін І республикалық мектеп директорлары арасында өткен дебат турнирінде де І орынды иеленді. 2022 жылы білім беру ұйымдарының басшылары арасындағы І республикалық конкурста да жүлделі ІІ орынға ие болды. #АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ АЗАМАТ