25.09.2023
2023 жылғы 22 қыркүйегінде өңір орталығында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы мен Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде қоғамдық сананы жаңғыртудың арнайы жобалары мен бағыттары және “Ұлттық Рухани жаңғыру” ұлттық жобасының бірқатар аспектілерін түсіндіру бойынша оқыту семинары өтті. Бұл семинарға колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Заманбекова Әлия Заманбековна, педагог-психолог Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы және әлеуметтік педагог Шекенбаева Ажар Нұралықызы қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды.