Ақпан айының 26-29 күндері Зеренді ауданы, Шағалалы ауылындағы Жоғары аграрлық колледжінің базасында ҰОС жеңісінің 75 жылдығына арналған Ақмола облысы колледждерінің білім алушылары арасында «Отан қорғаушы» әскери-спорттық кешенінің нормативтерін орындау жарыстары өткізілді. Ақмола облысы бойынша барлығы 13 команда қатысып, жарыстың 7 түрі бойынша сынға түсті. Сарапшылардың қорытындысы бойынша жалпы командалық көрсеткіш бойынша жоғары көрсеткішке ие болған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубы 1 орын иеленді. Аталған сайысқа дене шынықтыру бөлімінің 2,3 курс студенттері Қалыбек Жеңіс, Қалиев Мақсат, Серікбай Саян, Серікбай Саин, Маркин Ростислав қатысты. Жеке нәтижелік көрсеткіш бойынша Қалиев Мақсат үздік нәтиже көрсетіп, I орын иеленді.