14.09.2023
2023 жылдың 14 қыркүйегі күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн ата-аналар жиналысы өткізілді. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатын қомқоршылық кеңестің мақсаты мен міндеттерін сарапқа салды.
Бағдарламаға сәйкес директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары А.Заманбекова Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығына 3-қосымшамен берілген, ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 бұйрығына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен таныстырып өтті.
1-10 қыркүйек аралығында колледжіміздің сайтында 2023-2026 оқу жылына Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттардың өтініштерін қабылдайтындығымыз туралы хабарландыру жарияланған болатын. Осы аралық уақытта Қамқоршылық кеңес мүшелігіне өтініш білдірген 7 адамның кандидатурасы ұсынылды. Олар: Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы, «Болашақ» сарайының директоры Балташева Айнагүл Қадырбаевна, М.Жұмбаев атындағы АОӘЕК директорының орынбасары Оспанов Қуаныш, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Сәкен Жүнісов атындағы № 18 орта мектеп-лицейі» КММ директоры Сарсембаева Баян Вахитовна, Көкшетау қалалық ІІБ,ЮПБ, полиция аға инспекторы, аға лейтенант Турсимбаева Назира Каппасовна, «Ағылшын» және «Информатика» бөлімдерінде оқитын студенттердің ата-аналары Калиева Асель Утегеновна мен Айткенова Карлыгаш Думановна. Ата-аналар жиналысына қатысушылардың бірауыздан қолдауымен Қамқоршылық кеңес мүшелегіне үміткер кандидаттардың өтініштері қанағаттандырылып, тиісті құжаттары жинақталып көрсетілген мерзімде Комиссияға ұсынылады.