АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақпан айының 27 күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2020 жылдың «Үздік топ жетекшісі» анықталды. Байқау барысында топ жетекшілерінің тапқырлығы, білімділігі және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсету – қатысушыларға қойылған негізгі талаптардың бірі болды. Бұл додаға колледж бойынша іріктелген 6 топ жетекшісі қатысты. Атап айтсақ, Мектепке дейінгі бөлім атынан МД-11 тобының жетекшісі Гүлдеурен Мұратханқызы, Бастауыш мектеп бөлімінен БМ-21 тобының жетекшісі Қарагөз Мұратбекқызы, Музыка бөлімінен М-31 тобының жетекшісі Бауыржан Асқарұлы, Филология бөлімінен ФБ-43 тобының жетекшісі Салтанат Таубайқызы, Ағылшын тілі бөлімінен А-31 тобының жетекшісі Гүлзат Саткенқызы, Информатика бөлімінен И-41 тобының жетекшісі Р.Здуалиев. Білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру, шығармашылықпен айналысатын жаңашыл топ жетекшілерін анықтау және қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылған іс шара бес кезең негізінде ұйымдастырылды: таныстыру, тәрбие сағатынан үзінді (бейнеролик көрсету), ситуациялық сұрақ, өз өнерін ортаға салу, топ жетістіктерінің портфолиосы. Бес кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен М-31 тобының жетекшісі Бауыржан Асқарұлы «Үздік топ жетекшісі» атанды. А-31 тобының жетекшісі Гүлзат Саткенқызы I орын, ФБ-43 тобының жетекшісі Салтанат Таубайқызы II орын, И-41 тобының жетекшісі Р.Здуалиев III орын иеленді.