АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 1 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Білім күніне орай салтанатты жиын өтті. Студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін колледжде барлық жағдай жасалғаны аталып өтілді. Сондай-ақ оқу орны білікті педагог кадрларды даярлауда Республикадағы алдыңғы қатарлы колледждердің қатарында екендігі баса айтылды. Салтанатты жиында Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы студенттерді Білім күнімен құттықтап, оларға оқу жылында үздіктердің қатарынан табылуына ерік-жігер берді. Сондай-ақ білім ордасының даңқын асқақтатын осы жас дарындылар екенін атап өтті. Салтанатты жиында ата-аналар мен студент атанған жастар құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Кеше ғана мектеп ұя қабырғасынан қанат қағып, осындай қиындығы мен қызығы бірдей мұғалім мамандығын таңдап, колледж табалдырығын сеніммен аттаған талапкерлер бүгінде студенттер қатарына қосылып отыр.
Құрметті 1 курс студенттері! Қызығы мен қиындығы, ыстығы мен суығы қатар жүретін студенттік өмірді мәнді де сәнді етіп өткізулеріңізге шын тілектестігімізді білдіреміз!