29.08.2023
«ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ
2023 жылдың 24-25 тамыз күндері аралығында Павлодар қаласында «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» Республикалық білім саласы қызметкерлерінің Тамыз кеңесі өтіп жатыр. «Техникалық және кәсіптік білім беру» тақырыбындағы секциондық отырыста техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, мазмұны, академиялық дербестік, серіктестік, біліктіліктің ұлттық жүйесі, кәсіби бағдар, World Skills жанындағы мәселелер жан-жақты талқыланды. Аталмыш Тамыз кеңесіне Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Баршаға арналған білім саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: тәжірибелер және инновациялар»
атты көрме ұсынды. Көрме үш бағытты қамтыды:
1) БІРТҰТАС ТӘРБИЕ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ;
2) ҚОЛДАНБАЛЫ БАКАЛАВРИАТ – КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ;
3) ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ «ЛОГОПЕД» МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ.