АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Қордай трагедиясы: себептері мен салдары

17.02.2020

15.02.2020. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің қабырғасында «Ар-Намыс» саяси-интеллектуалдық клубының кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс «Қордай трагедиясы: себептері мен салдары» тақырыбына арналды. Жиынға клуб мүшелерімен қатар колледждің оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты.

«Ар-Намыс» клубының жетекшісі Шайхыгалиев Ербол Аманжолович отырысты Қордай трагедиясына арналған баяндамадан бастады. Баяндама барысында Жамбыл облысының Қордай ауданындағы 7-8 ақпан күндері болған қақтығыстардың себептері, оның барысы және салдары баяндалды.

Клуб жетекшісі студенттер мен оқытушыларды саяси белсенділікке, елде ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға күш салуға шақырды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде берілетін ақпараттардың шынайылығы, оларды дұрыс саралау мәселелері көтерілді. Сөз соңында Ербол Аманжолұлы мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет етіп, саяси сауаттылық мен мәдениетті арттырудың маңыздылығына назар аударды.  

«Ар-Намыс» саяси-интеллектуалдық клубының президенті Идрисов Алмас, премьер-министрі Сулеев Айдос және клубтың белсенді мүшесі Кульбаева Наргиз өз пікірлерін білдіріп, Қордай трагедиясын жабулы қазан күйінде қалдырмай, оның нақты себептерін анықтауға, түйіні тереңде жатса да мәселенің астарын шешуді талап етті.

Саяси-интеллектуалдық клубтың отырысына шақырылған оқытушылар мен студенттер де пікірталастан қалыс қалмады. Олар Қордай трагедиясынан  сабақ алуға және ондай оқиғалардың қайталанбайтынына үміт білдіре отырып, клубтың жұмысын белсенді жүргізуге шақырды.

Клубтың отырысын колледж директоры тәмамдады. Нұртас Ахатұлы Қазақстандағы көкейкесті саяси мәселелерге тоқтала отырып, «Ар-Намыс» клубын ел үшін аса маңызды мәселені үлкен жиында көтергені үшін алғыс білдірді. 

 

 

Просмотров: 374


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст