АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Облыстық семинар өтті

15.02.2020

2020 жылдың 14 ақпанында №3 «ЭКОС» экологиялық мектеп гимназиясының базасында «Ақмола облысында инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» семинар өткізілді. Семинар барысында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру мүшелері, білім басқармасының бас мамандары, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жетекшілері, балабақша мен мектеп және колледж басшылары қатысты.

Пәнаралық отырыс барысында Ақмола облысының инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ибраев Марат Өмірбайұлының баяндамасымен басталды.

М.Ж.Темірбаевтың «ҚР арнайы және инклюзивті» білім беру бойынша нормативті-құқықтық актілердегі өзгерістер туралы, 2019 жылы атқарылған іс-шара бойынша есебі тыңдалды.

Оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Дударева М.А. «Облыстық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізу мониторингін жүргізу» қорытындысы тыңдалды.

Колледжіміздің Инклюзивті білім беру бойынша элективті курстың оқытушысы Азбергенова Баян Әубәкірқызының «Тірек білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту бағдарламасы туралы» баяндамасымен қатысты. Семинар барысында облыстық білім беру саласының мамандары өз бағдарламаларымен таныстырып, талқылау жүргізілді.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст