АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
11 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде журналист, жазушы-аудармашы, қоғам қайраткері Ғосман Төлеғұлұлының 70 жасқа толуына орай «Өрісі кең тұлға» атты рухани-танымдық кеш өтті.
Мерейтой иесі Ғ.Төлеғұлұлы өз өмірінен, еңбек жолынан үздік сырларымен бөлісті. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы құттықтау сөз сөйледі. Филология ғылымдарының кандидаты Қажыбай Аян Төлегенұлы Ғ.Төлеғұлұлының аудармашылық қыры жайында баяндама жасады.
Облыстық оқу әдістемелік орталығының жетекшісі Қаратай Бәйкенұлы Төлекеев, «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев, "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола филиалы төрағасының орынбасары Ақынов Амангелді Нұғыманұлы кеш қонақтары болды.
Филология бөлімінің оқытушылары О.Рақымжан, Т.Жоламанованың ұйымдастыруымен өткен кездесу кешінде студенттер Ғ.Төлеғұлұлының аудармашылық қырын көрсетін шығармаларынан үзінділер, өлең жолдарын оқып, қойылымдар қойды. Филология бөлімінің студенті Секел Жанарбек Ғ.Төлеғұлұлына арнау өлеңін орындады.