АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Абай – теңіз, біз – тамшы» атты әдеби-музыкалық кеш

10.02.2020

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында И-21 тобының жетекшісі А.Қамалиден «Абай – теңіз, біз – тамшы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді. Әдеби кешті бастамас бұрын Абай Құнанбайұлының өмірбаяны жайлы бейнебаян көрсетілді. Ақын өміріне шолу жасалғаннан кейін Арғын Айбек, Алагузова Инкара, Көперхан Анаргүл, Мырзахали Кербуланның орындауында «Күз», «Әсемпаз болма әрнеге», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қуанбаңдар жастыққа», «Өлең сөздің – патшасы, сөз – сарасы»  атты өлеңдері жатқа айтылды. Аманжолқызы Жанна мен Жомарт Нұрсауле «Он тоғызыншы» және «Жиырма төртінші сөздерін» өз байыбына салып, жатқа айтты. Абай өлеңдерін мәнерлеп, аса жоғары шеберлікпен орындай білді. Қабылқай Рахат, Есимов Диас, Толеубай Ескендір, Даулет Елдос, Аманова Аяна, Марат Гүлсім, Аманжолқызы Жанна, Орал Диляраның орындауында «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері шырқалды. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі мұрағатында жинақталған газет, журнал тігінділерін ақтару үстінде ақын Мұқағалидың «Дала данышпаны» деген өлеңі сабақ соңында студенттермен бірге талданды. Тәрбие сағатына ат салысып қатысқан студенттерімізге алғыс білдіре отырып, қазақ сөзінің киесі қонған Абай атамыздың қара сөздерін кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар беруші, ақыл қосушы ретінде жадыларыңызда ұстаңыздар дегім келеді.

 

Просмотров: 602


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст