Текст
7 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Абайдың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды. «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби-сазды кеште колледж директоры Нұртас Ахатұлы сөз сөйледі. Ұлы Абайды насихаттау қазақты әлемге мойындатудағы сара жолдың бірі деп біліп, осы мақсатта бірқатар жұмыс түрлері ұйымдастырылып отырғандығы аталып өтілді. Салатанатты ашылу рәсімінде Абай әндері мен өлеңдері орындалып, колледждегі өзге ұлт өкілдері студенттерінің түсірген бейнероликтері көрсетілді.
Халқымыздың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту мақсатында колледж тарапынан бірқатар іс-шаралар мен республикалық конференция ұйымдасыру жоспарлануда.