Текст
Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы мақсатында, 31 қаңтар күні сағат 11.00-де Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде студенттер мен оқытушылардың қатысуымен жалпыхалықтық диктант жазу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-тағылымын кеңінен дәріптеу. «Ақыл сөзді іздесең...» тақырыбында жазылған диктант жазу жұмыстары он аудитория мен оқу залында өтіп, барлығы 657 адам жұмылдырылды.