03.05.2023
2023 жылдың 3 мамыр күні өңір орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық сап және ән байқауы өтті. Негізгі мақсат – жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру, Отан мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, оқу взводы мен батальон құрамындағы саптық машықты және саптық үйлесімділікті жетілдіру. 24 команда қатысқан байқау салтанатты маршпен өтіп, саптық әндер орындалды. Облыстық байқауда қыздар арасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «ТОМИРИС» рухани-патриоттық қыздар клубы мен ұлдар арасында «АЙБЫН» әскери-патриоттық клубы бой көрсетті. Байқау қорытындысы 5 мамыр күні жарияланады. Жеңіс тұғырынан көрініңіздер!