Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 2020 жылдың 24 қаңтарында «Мектептегі музыканы оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan – 2020» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өткізілді. Бірінші рет өткізіліп отырған байқауда студенттер «Видеоклип», «Шығармашылық баттл», «Ырғақтық импровизация», «Мектептегі музыка сабағы» кезеңдері бойынша бақтарын сынасты. Атап айтсақ, М-41 тобының студенттері Бабаева Алина, Каргина Вероника, Күрес Арай, Мұхамед Нұргүл. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер де өздерінің тыңғылықты дайындығымен көзге түсті. Байқау нәтижесі бойынша Күрес Арай І орын, Бабаева Алина ІІ орын, Каргина Вероника ІІІ орын, Мұхамед Нұргүл ІІІ орын иеленді.