АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2023 жылдың 26 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Түлектер жәрмеңкесі – 2023» іс-шарасы өтті. Аталмыш жәрмеңкеге 28 қала және аудандық білім мекемелерінің басшы өкілдері және түлектер қатысты. Атап айтсақ, Ақмола облысының білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Жасыл ауылының негізгі орта мектебінің директоры Амержанов Бекжан Жолтайұлы, Көкшетау қаласының № 1 мектеп-гимназиясының директоры Нурканова Сандуаш Казиевна, №22 жалпы орта білім беретін мектебі директорының міндетін атқарушы Омарова Гульнара Сагинтаевна, Степногорск қаласының «Балдырған» №2 балабақшасының басшысы Идрисова Гульнар Кенжебековна, Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасының басшысы Кривенко Татьяна Ивановна, Степногорск қаласының «Балауса» балабақшасының басшысы Калайдарова Ботагоз Байкешевна, Астрахан ауданына қарасты Бірлік ауылдық негізгі мектебінің директоры Досанов Ғалым Болатұлы, Астрахан ауданына қарасты Степное негізгі орта мектебінің директоры Богинская Елена Александровна, Астрахан ауданының Ұзынкөл негізгі орта мектебінің директоры Нұржанов Дархан Жаксылықұлы, Бурабай ауданындағы Наурызбай батыр орта мектебінің директоры Абжанов Руслан Маратұлы аталмыш іс-шарадан қалыс қалмады. Дидарласу алаңында филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы «Педагогтың кәсіби дайындығы мен еңбек дағдыларының интеграциясы» тақырыбындағы баяндамасын қорғап, педагогтың кәсіби дайындығы шеңберінде жұмыс берушілермен өзара іс-әрекетті негізге алып, әлеуметтік серіктестер үшін артықшылықтарды жіктеп көрсетті. Колледж әдіскері Тұрлыбекқызы Мәншүк өз сөзінде мектеп бағдарламалары мен педагогтің кәсіптік стандарты сабақтастығын негіз етсе, Красный Яр ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары, колледждің 2014 жылғы түлегі Кашкевич Надежда Сергеевна «Ұлттық тәрбие – оқушы тұлғасын қалыптастырудың алғышарты ретінде» тақырыбындағы баяндамасын қорғады. Сондай-ақ колледждің арнайы пәндер оқытушысы, педагог-зерттеуші Заманбекова Әлия Заманбекқызы «Цифрлық құзыреттілік – кәсіби маман даярлау негізі» екендігін дәлелдеді. Директордың практика жұмысы жөніндегі орынбасары Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы түлектер бойынша статистикалық ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар бөлім меңгерушілері мамандық құзіреттілігі бойынша колледжішілік саяхат жүргізді. Трансверсалды дағды алаңында «Мекемелер жарнамасы: интерактивті воркшоп аясында түлектер болашақ жұмыс берушілермен тікелей әңгімелесуге мүмкіндік алады» тақырыбында Ақмола облысы аудандық білім бөлімдерінің мамандарымен жеке кездесулер жүргізілді. Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың қолданбалы бакалавры» біліктіліктері бойынша Зеренді ауданына қарасты Шағалалы ауылы «Балдырған» бөбекжайының әдіскері, колледждің 2020 жылғы түлегі Иват Үмитгүл, «Бастауыш білім беру мұғалімі», «Бастауыш білім берудің бакалавры» біліктіліктері бойынша 2023 жылғы түлек Алтынбекқызы Тоғжан, «Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі», «Негізгі білім берудің қолданбалы бакалавры (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі)» біліктіліктері бойынша 2023 жылғы түлектер Атығай Аружан мен Ахметжанова Назерке, «Дене тәрбиесі мұғалімі» мамандығы бойынша 2023 жылғы түлек Амирсайн Сағындық, «Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша 2023 жылғы түлек Ақбарова Жұлдыз, «Шетел тілі мұғалімі», «Негізгі білім берудің қолданбалы бакалавры (шетел тілі мұғалімі)» біліктіліктері бойынша «Шетел тілі» кафедрасының меңгерушісі, педагог зерттеуші Ташенова Айжан Қадырбайқызы, «Информатика мұғалімі», «Негізгі білім берудің қолданбалы бакалавры (информатика мұғалімі)» біліктіліктері бойынша Әл-Фараби атындағы ІТ лицейі директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Амангелді Айжан озат тәжірибемен бөлісіп, насихаттау жұмыстарын жүргізді. Жәрмеңкеде арнайы сауалнама жүргізіліп, онда «Жұмыс орны қандай мамандықтарды қажет етеді?», «Болашақ маманға қоятын талаптарыңыз қандай», «Болашақ маманның бойында қандай негізгі дағдылары болуы керек?» және «Оқу орны мамандар даярлауда жұмыс берушінің қандай талаптарын ескеруі керек?» деген сұрақтарға жауап алынды. Айта кету керек, жалпы 255 түлектің 119-ының арнайы сертификаты бар.