АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 22 қаңтарында колледж базасында «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыретілігі бойынша білім алушының кәсіби біліктілігін арттыру және теория мен тәжірибені ұштастыра білу, жаңа технологияларды пайдалану арқылы көрсетілетін, практикалық жұмыстарды жинақтау мақсатында «WorldSkills Kazakstan-2020» Ұлттық чемпионатына іріктеу байқауы өткізілді.
Байқаудың кезеңдері 5 тапсырмадан құралды:
Модуль А. Электрондық портфолио құру.
Модуль В. Бастауыш 2–сынып жаратылыстану пәні бойынша оқу сабағының (жаңа материалды оқыту кезеңі) фрагментін дайындау және өткізу.
Модуль С. «Патриоттық, экологиялық, адамгершілік» бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу.
Модуль Д. Педагогикалық жағдаятты шешу.
Модуль Е. «5 минутта үйретемін».
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзыретілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan-2020» аймақтық чемпионатына қатысқан студенттер:
1. Хуан Айнұр – БМ-21 тобы.
2. Лескенқызы Айжан - БМ-21 тобы.
3. Хавдалгалам Батиқа – БМ-31 тобы.
4. Егинбаева Жансая – БМ-31 тобы.
5. Шарапатова Қазна – БМ-31 тобы.
6. Дондых Құндыз – БМ-31 тобы.
7. Амантайқызы Нұржарқын – БМ-31 тобы.
Қатысушылар берілген тапсырмаларды түрлендіре, өздерінің тың ойларын қолдана отырып, жоғары деңгейде орындай білді. Әр кезеңге белгіленген шектеулі уақытта өздері жасаған жұмыстарын қорғау барысында байқауға жауапкершілікпен, тыңғылықты дайындықпен келгені байқалды. Қатысушыларға жоғарыда көрсетілген 5 тапсырманы орындау үшін 6 еріктілер таңдалды. Еріктілер белсенді түрде қатысып, өздеріне керекті мағұлматтарды алды. Байқауды қорытындылау кезеңінде сөз сарапшыларға берілді.
Байқауды ерікті бақылаушы ретінде Көкшетау қаласы Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің 9-10 сыныптарының оқушылары қатыстырылды. Оқушыларға арнайы кәсіби бағдар жұмысы бойынша сауалнама және колледж жайында үлестірмелі ақпараттық парақшалар таратылды, колледж кітапханасы мен дәрісханаларына экскурсия жүргізілді.