06.04.2023
2023 жылдың 5 наурыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында педагог-психологтар Сабыр Ақжібек Теміржанқызы мен Жанбырбай Айдана Абдрахманқызының ұйымдастыруымен «Ұрлық түбі – қорлық» атты тәрбие сағаты өтті. Негізгі мақсат – құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін түсіндіру. Іс-шарада студенттерге құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана, алдымен, отбасынан басталатынын, бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысы құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойларындағы құқықтық сана мен жігерді шыңдау керектігі атап өтілді. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігін түсіндіре отырып, құқықтық сауатқа тәрбиелеу ортасын құру, өз ойларын еркін айтуға үйрету басты назарға алынды.