АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2020 жылдың 20 қаңтарында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №4 кезектен тыс педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібінде:
1. Білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары.
2. Мемлекеттік бағдарлама негізінде колледждің 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасын талқылау және бекіту.
3. «Педагог мәртебесі» заңы туралы (Міндеттері мен мәселелері).
Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша колледж директоры Ахат Нұртас Ахатұлы сөз сөйледі. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқытуды негіз еткен бағдарламаның 10 басым бағытына тоқталды.
Күн тәртібінде белгіленген екінші мәселе бойынша колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова, колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс, директордың практика жөніндегі орынбасары Қ.Мукушева, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым аталмыш бағдарламаға енгізілген мәселермен таныстырып өтті.
Колледж оқытушылары Т.Жоламанова, Ө.Төлеген 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламамен толық танысып, өз тараптарынан ұсыныстар айтты.
«Педагог мәртебесі» заңы, мақсаты мен міндеттері жайлы кәсіподақ комитетінің төрайымы Ш.Жұматаева сөз сөйледі.
Педкеңесте көтерілген мәселелерге орай тиісті қаулы қабылданды.