13.02.2023
Ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» саласы бойынша «Кәсіби шеберлік – 2023» облыстық байқауының жабылу салтанаты өтті. Ауқымды іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы қатысып, педагогтардың білім жолындағы еңбектерінің елеулі екенін баса айтты. Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдірахманов Бейсенбай Қадырұлы қатысушыларды Құрмет грамотасымен марапаттап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Білім жарысында арнайы пәндер бойынша Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Редько Надежда Сергеевна Бас жүлдені еншілесе, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Шайрахметова Асел Галымовна І орынды иеленді. Ал Степногорск қаласының жоғары колледжінің оқытушысы Хуснулина Ольга Александровна ІІ орынға, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Агибаева Гульзира Тулеуовна ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар жалпы білім беру пәндері бойынша Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Ташенова Айжан Кадырбаевна Бас жүлдені иеленді, Красный Яр ауылының агротехникалық колледжінің оқытушысы Нугербеков Ильяс Кайратович жүлделі І орынды еншіледі. Степногорск қаласының жоғары колледжінің оқытушысы Нуржаксина Айдана Газизовна ІІ орынға, Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінің оқытушысы Ремеслова Наталья Петровна ІІІ орынға ие болды. Сондай-ақ Щучинск қаласының жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Ткачук Кристина Сергеевна «Шығармашыл педагог», Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы Шарипова Амина Бекбулатовна «Ізденімпаз педагог» атанды. Өзге қатысушылар арнайы сертификатпен марапатталды. Кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары Редько Надежда Сергеевна және Ташенова Айжан Қыдырбайқызы 23-24 ақпан күндері өтетін Республикалық конкурста бақ сынайтын болады. Республикалық конкурста Ақмола облысының намысын қорғайды. Сіздерге жеңіс тілейміз!