АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Қазақ» газетіне 110 жыл!

02.02.2023
2023 жылдың 2 ақпанында «Қазақ» газетінінің алғашқы санының шыққанына 110 жыл толып отыр. 1913 жылы Орынбор қаласында басылып, қазақ халқының мүддесін қорғауға жол тартқан газет Алаш қайраткерлерінің сол кездегі үлкен еңбегінің жемісі мен жеңісі еді.
1918 жылға дейін 266 саны жарық көрген «Қазақ» газеті қазақ қоғамының шамшырағына айналып, қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Осыдан-ақ Алаш кемеңгерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов басқарған газеттің арқалар жүгі аз болмағанын көреміз.
"Қазақ" деген атаумен Ресей империясының отарлық билікке қарсы өркениетті күрес құралдарының біріне айналған алғашқы газеттің тарихтағы орнына, тарихи оқиға ретінде болмысына қай кезеңде болмасын өз бағасы берілуі қажет. Себебі, қазақ тарихындағы ояну дәуірінің күнтізбесі іспеттес болған газеттің әр санының шығуы маңдай термен, төгілген қанмен, қиямет күндермен байланысты екенін тарих беттері дәлелдейді.
Бұдан кейін пайда болған басқа да барлық елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шыққан болатын.
Просмотров: 185


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст