01.02.2023
Ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде топ жетекшісі Шытырымбекова Жұлдыз Өмірбекқызының ұйымдастыруымен МД-31 тобында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы парасаттылық дәрісі өтті. Негізгі мақсат – қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, профилактикалық жұмыстарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, білімдерін дағдыландыру, саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой-пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. Біліммен қаруланған, ақыл-парасаты толысқан адал ұрпақ барда Қазақстанның келешегі жарқын болмақ!