26.01.2023
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш мектеп» бөлімінің І курс студенттері облыс орталығындағы №17 мектеп-гимназиясында «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша өндірістік оқыту және кәсіптік практиканың жоспары негізінде «Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістерін қолдану» педагогикалық практикасынан өтуде. Әдіскер Мукушева Нұргүл Серікқызы педагогикалық практика барысында білім алушылардың тәрбие сағатына қатысып, оқытудың заманауи технологияларын қолдану, дидактикалық материалдарды пайдалану жолдарын үйретіп, әдістемелік көмек көрсетті. Білім алушылар педагогикалық практикада топтық жұмыс жасап, «Leаrningaрps» бағдарламасы, «Көңілді шеңбер» әдіс-тәсілдерін қолданып, тәрбие сағаттарын өткізді.