АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Бастауыш сынып пәндерін оқытудың ерекшеліктері» атты мазмұнды семинар

27.12.2019
2019 жылдың 26 желтоқсан күні Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жаңартылған білім беру аясында өндірістік дипломалды практика кезінде ІV курс студенттері үшін «Бастауыш сынып пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарға педагогика пәнінің оқытушысы Азбергенова Б.Ә. және «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 45 студент қатысты. Семинар барысында Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастауыш сынып мұғалімдері «Қазақ тілі мен математика пәндерін оқытудың ерекшеліктері» атты шеберлік-сыныптарын Досан Серікұлы, Әсемгүл Жанабайқызы, Құндыз Мұратбекқызы, Алуа Мұратқызы өткізіп, білім беру мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдері мен критериалды бағалау ерекшеліктері жайлы мағлұматпен бөлісті. Семинар соңында аталған білім ұйымының студенттерімен кері байланыс жасалып, жақсы пікірлер айтылды. Болашақта да тәжірибемен бөлісу мақсатында осындай іс-шаралар ұйымдастырылатындығы туралы айтылды. Аталған оқу орнында колледжіміздің 7 түлегі жұмыс істейді. Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастауыш сынып ұжымына және бастауыш сыныптар кафедрасының меңгерушісі Ажар Кеңесқызына және директордың орынбасары Айгүл Сартайқызына алғысымызды білдіреміз.
Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст