13.01.2023
2023 жылдың 12 ақпан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Тұлғаны әлеуметтендіру мәселелері» атты топ жетекшілерінің әдістемелік семинары өтті. Негізгі мақсат – кураторлармен бірлесе отырып, студенттерді әлеуметтендіру мәселелері жолында кездесетін проблемаларды анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы аталмыш іс-шараның маңыздылығын, назар аударуға тиісті мәселелерді атап өтті. Колледж психологы Сабыр Ақжібек Теміржанқызы топ жетекшілеріне арналған тренинг өткізіп, құндылықтарды насихаттады. Сондай-ақ колледж әдіскері Мәншүк Тұрлыбекқызы «Әлеуметтендіру және тәрбие» тақырыбында таныстырылым презинтациясын қорғап, әлеуметтендіру көрсеткіштерін жіктеді. Топ жетекшісінің тұлғаны әлеуметтендірудегі миссиясы мен мақсатын тізіп, кураторлармен менталды карта құру арқылы тұлғаны әлеуметтендіру мәселелерін талқылап, шешімін шығарды. Үздік педагог Мукушева Нұргүл Серікқызы биылғы оқу жылында жаңадан қабылданған кураторларды топ портфолиосымен таныстырып тәжірибе алмасты. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы «Құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары» тақырыбында ашық ой-талқы өткізді.