АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№3 педагогикалық кеңесі

10.01.2023

2023 жылдың 6 қаңтар күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №3 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы және ғылыми-әдіснамалық жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы І жартыжылдық бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңа сапаға көтерудің нәтижелерімен бөлісті. Сондай-ақ білім сапасын қамтамасыз ету тұжырымдамасы сарапқа салынды. Ауыл мектептерінде ұстаздардың жетіспеушілік мәселесін шешу мақсатында «Шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесі» пәнінің мазмұнына «Мобильді мұғалім» жобасының принциптерін енгізу бойынша да сөз қозғалды. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы «Білім» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестік жұмысының есебін берді. Сонымен қатар «WorldSkills – 2023» чемпионатындағы мектепке дейінгі тәрбие және кіші сыныптарда оқыту құзіреттіліктері бойынша дайындық жоспарларын талқылау және бекіту мәселесі қаралды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салды. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.

Просмотров: 155


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст