Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық «Компютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаттары» ұйымдастырылды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Информатика» бөлімінің оқытушылары мен студенттері аталған іс-шарадан тыс қалмай, аса белсенділік танытты. Акция 3-4 сынып оқушылары үшін тақырыптық сабақтар, 5-11 сынып оқушыларына информатика сабағы шеңберінде өткізілді. Көкшетау қаласының IT мектеп-лицейі, №2, №6, №8, №11, №13, №18 мектептері, барлығы 125 оқушы жұмылдырылды. Нәтижесінде колледждің информатика пәнінің оқытушылары Утебаева Дамели Зайроллақызы, Қалменбай Арман Нұралыұлы, Камалиден Айгерім Сағындыққызы және белсенділік танытқан студенттер арнайы сертификаттармен марапатталды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру.