ҚР тәуелсіздігі қарсаңында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» атты ашық ой алаңы өтті.
Желтоқсан оқиғасына бейқам қарамаған, сол оқиғаның куәгері болған Көкшетау өлкесінің тумалары Т.Ғ.Ерден, Д.Қ.Жарылғасов, А.Қ.Жарылғасов, Д.Т.Сүгірәлиев, С.Л.Нургалиев сынды ағаларымыз қонақта болды.
Студенттер желтоқсан оқиғасына байланысты сұрақтар қойып, еркін диалогқа құрылған кеш өткізілді. Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, сөз түйінін Желтоқсан қасіретінің қазақ қоғамында ешқашан қайталанбауын қалайтындықтарымен аяқтады. Іс-шара соңында директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары А.Қ.Рахым сөз сөйлеп, қонаққа келген ел азаматтарына, ұйымдастырушы тарих пәнінің оқытушыларына, студенттерге өз алғысын білдірді.