АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Код сағаты» – жастарды информатика мен бағдарламалауды үйренуге үндейтін қозғалыс. Қазақстанда өтіп жатқан бұл іс-шараға білім беру саласындағы мекемелер және технологияларды сүйетін әуесқойлар қатысу көзделген.
Акция шеңберінде 2019 жылдың 9 желтоқсан күні Көкшетау қаласының №2 орта мектебінің 6 сынып оқушылары арасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқутышысы Д.Утебаева және информатика бөлімінің 4 курс студенті Әділ Әділеттің ұйымдастыруымен ашық сабақ өтті. 10 желтоқсан күні Көкшетау қаласы IT мектеп-лицейінде 6 сынып оқушылары арасында информатика пәнінің оқутышысы Д.Утебаева және информатика бөлімінің студенттері Уканова Алина, Жағпаров Нариман, Әшімбек Бекзаттың ұйымдастыруымен ашық сабақтар өткізілді. Басты мақсаты – жастардың бағдарламалауға деген қызығушылығын қолдау, IT саласының беделін көтеру, оқушыларды осы салада кәсіп игеруге ынталандыру.
«Код сағаты» сияқты бастамалар оқушылардың технологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, сонымен бірге, оларды келешектегі инновациялық технологияларға тартуға сеп болады.