АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 8 желтоқсан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде наркескен ер, ақиқаттың ақ туын ғұмырына мәңгілік серік еткен, ЕЛ, ҰЛТ қамын ойлаған аса көрнекті ақын, жазушы-драматург, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының «Еңбек ардагері», Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ақпарат саласының үздігі», «Қазақстанның құрметті журналисі», Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің, «Тіл жанашыры», Құрмет белгісінің, Білім және ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан, көп жылғы адал еңбегі үшін және «Айрықша еңбегі үшін» медальдерінің иегері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Төлеген Сыздықұлы Қажыбайдың туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған «АҚИҚАТПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР» атты руханият кеші өтті. Ауқымды іс-шарада «АҚИҚАТТЫҢ АСҚАҚ ҮНІ» атты пролог оқылып, Арқаның ақындық, сал-серілік дәстүрін дәріптеушілер Әділ Құсайынов, Аслан Мұхамедияр Ақан серінің «Шырмауық» және «Майда қоңыр» әндерін әуелетті. «Ақ қауырсын» поэзия клубы Төлеген Сыздықұлына арнап жазылған арнау өлеңдерін оқып, көрерменге нар тұлғаға арналған «Адалдықты ұлықтаған АРЛЫ ақын» атты бейнефильм көрсетілді. «Әупілдек зары» әңгімесі оқылып, «Жас дәурен» квинтеті Төлеген Қажыбайдың сөзіне жазылған Құрмет Сақайдың әні «Көкше сұлуын» орындады. Сондай-ақ «Тектілік пен тексіздіктің арасы» өлеңі оқылып, көрермен көңіліне жол ашты. Кеште «Аран» повесінен үзінді қойылып, Төлеген Қажыбайдың сөзіне жазылған Құрмет Сақайдың әнін «Назерке» халықтық-камералық хоры «Жолыңды тосып жүрмін мені» шырқаса, «Көксеңгір» этно-фольклорлық ансамблі «Ұлы дала» композициясын орындап, рухты оятты. Төлеген Қажыбайдың сөзіне жазылған Алтынбек Қоразбаевтың «Әгугай, домбыра» әнін «Қоңыр қаз» дуэті шырқады. Қазақ драматургиясына зор үлесін қосқан Төлеген Қажыбайдың «Зауал» атты драмасы сомдалып, «Атадан қалған бір мұра» өлеңі оқылды. Кеш қонақтары қоғам қайраткері, «Қазақ күресі» федерациясының президенті, меценат Шораев Арман Төлегенұлы, «Қазақстан тарихы» порталының шығарушы редакторы, «Халықаралық Рух байқауының» бас жүлдегері, бірнеше жыр жинақтарының авторы, талантты ақын Ықылас Ожайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты бірнеше жыр жинақтарының авторы, талантты ақын Ерлан Төсбайұлын нар тұлғаның аты ешқашан өшпейтіндігін баса айтты.
Кеш соңында «Самғау» біріккен хоры Төлеген Қажыбайдың сөзіне жазылған
Құрмет Сақайдың әні «Қыранды Қазақстанды»
орындап, кеш шымылдығын түрді.