06.12.2022
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі «Жан сыры» психологиялық орталығында А-11, A-12, M-11 топтарының студенттеріне ерте жыныстық қатынастың алдын алу мақсатында дәріс оқылып, әлеуметтік роликтер көрсетілді. Іс-шараны педагог-психолог Жанабылова Наргиз Сериковна өткізді. Негізгі мақсат – білім алушыларға жынысына байланысты белгілі бір гигиеналық білім мен дағдыларды сіңіру үшін жағдай жасау, сонымен бірге оларды болашақ ұрпақтың денсаулығы, өмірі мен болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.