02.12.2022
Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында күнделікті «Кітап – алтын қазына» атты іс-шара өтеді. Негізгі мақсат – жатақхана студенттерінің білімін одан әрі жетілдіру және уақытты тиімді өткізу. Әр күні сағат 21:00-ден 22:00-ге дейінгі уақыт аралығында білім алушылардың қосымша білімін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр. Мұнда студенттер бөлмелерінде немесе жатақхана кітапханасында отырып, әртүрлі көркем шығарма мен қызықты кітаптарды оқиды.