06.12.2019
Халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы 2019 жылдың 6 желтоқсаны күні Көкшетау қаласы №11 орта мектебінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің информатика бөлімінің меңгерушісі А.Қалменбай және информатика бөлімі 4 курс студенті Уканова Алинаның ұйымдастыруымен 7-9 сыныптардың оқушыларының қатысуымен өткізілді. Мектеп оқытушылары ынтымақтастық негізінде жан-жақты қолдау көрсетті. Акцияның мақсаты – оқушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде қолданбалы бағдарламалауға деген қызығушылығын арттыру. #часкодакз2019 #часкода #hourofcodekz #hourofcode2019