29.11.2022
2022 жылдың 22 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan – 2023» колледжішілік чемпионаты өтті. Білім жарысы 4 кезеңнен тұрды:
• А1 модулі. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу»;
• А2 модулі. «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу»;
• В модулі. «Кіріктірілген модулі»;
• С модулі. "Мектеп жасына дейінгі балалармен іс-әрекеттің және қарым-қатынастың әр түрін ұйымдастыру».
Дарындылар додасында студенттер өздерінің қарым-қабілетін ортаға салды.