АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Жыл студенті – 2019» байқауы өтті. Талантты жастарды қолдау аясында өткізілген іс-шараға колледждің күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенттері қатысып, үш кезең негізінде жеңімпаздар анықталды. Іріктеу кезеңі бойынша 16 студент байқауға жолдама алды. «Болашақ педагог» кезеңінде қатысушылар 20 минутқа шақталған үлгі сабақтарын өткізді. Ақтық кезең концерттік бағдарлама негізінде құрылып, «Таныстыру», «Бес саусақтан өнер тамған шебер», «Тақырып бойынша сөйлеу» сынды үш сыннан сүрінбей өткен 7 студент байқау жеңімпаздары атанды. Атап айтсақ, Бас жүлдені Пермахан Нұртілеу, 1 орынды Досжанова Айгерім, 2 орынды Нұрланова Асем және Ануарбек Жандос, 3 орынды Хайымхан Наздана мен Изахметова Айғаным, Күрес Арай иеленді.
Байқаудың мақсаты: студент жастардың колледж өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, үлгерімін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін және басты мәселелерді шешуде студент жастардың әлеуетін пайдалануды ынталандыру.