25.11.2022
Жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының үздік 100 студентін тануға бағытталған. Таланттылардың білім жарысы дарынды жастарды қолдау, білім, дағдының арқасында жетістікке жеткен ТжКБ ұйымдарының жұмыс біліктілігі мен үздік студенттерін дәріптеу мақсатында өткізіледі. Ақжолтай хабар!!! Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығының ІV курс студенті Арапова Қарлығаш «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студентінің» қатарына енді. Құттықтаймыз! Биік тұғырдан көрініп, ЕЛ үмітін ақтай беріңіз!