АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жаһандық, ел экономикасы, саяси-құқықтық мәселелер» ақпараттық дәрісі

23.11.2022

2022 жылдың 22 қараша күні Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің I курс студенттерімен «Жаһандық, ел экономикасы, саяси-құқықтық мәселелер» туралы ақпараттық дәріс өткізілді. Мақсаты: қазіргі жаһандану үрдісінде орын алып жатқан әлемдегі, еліміздегі экономикалық, саяси-құқықтық негізгі мәселелерді студенттермен ой бөлісу арқылы талқылау.  
Студенттермен ел экономикасының даму бағыттарымен қатар қоғамымыздағы саяси-құқықтық жүйе талқыланды. XXI ғасыр озық технологиялар мен әлемдік ашылулар нәтижесінде адамзаттың жеткен жетістіктері кейбір жаһандық мәселелердің қалыптасуына түрткі болғаны баяндалды. 
Ақпараттық дәріс барысында студенттер өздерінің ойларымен бөлісіп, «глобалды» мәселелер бойынша жеке пікірлерін білдірді. 
Сондай-ақ, болашақтағы әлеуметтік-экономикалық прогресс осынау әлемдiк проблемаларды шешуге тікелей байланысты болмақ... Бұл тұрғыда мәселені жұмыла шешу маңыздылығы талданды.

Просмотров: 154


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст