23.11.2022
2022 жылдың 22 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola – 2023» аймақтық чемпионатына қатысушыларды іріктеу мақсатында байқау өткізілді.
Байқау шарттарына төмендегідей 4 модуль тапсырмасы ұсынылды:
1-тапсырма: Модуль А. Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу;
2- тапсырма: Модуль В. Оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеу және көрсету;
3- тапсырма: Модуль С. Мұғалімнің жеке сайтын құру;
4-тапсырма: Модуль Д. Патриоттық, экологиялық, адамгершілік бағыт бойынша сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу.
«Бастауыш сыныптарды оқыту» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Aqmola – 2023» колледжішілік чемпионатының қатысушылары:
1. Косанова Карина Калихановна БМ-22ҚБ тобы;
2. Булкаирова Жанар Абзаловна БМ-21 тобы;
3. Мустафина Камила Еркеновна БМ-21 тобы;
4. Магауиянова Назгуль Нурбеккызы БМ-21 тобы;
5. Азамат Сұлушаш БМ-31 тобы;
6. Әшірбаева Назерке Нұрғалиқызы БМ-31 тобы;
7. Нұртуған Армангүл БМ-42ҚБ тобы.
Студенттер берілген тапсырмаларды тек қана көрсетілген бағыт бойынша емес, өз ойларын, өз қиялдарын жетік қолданып, сабақ барысында алған әдістемелік білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әр кезеңге байланысты уақыт беріліп, сол уақытты тиімді пайдала алды. Модульдер бойынша өздері жасаған жұмыстарын қорғап, әр қатысушы белсенділікпен, жауапкершілікпен атқара білді. Өздерінің бойларынан бастауыш сыныптарды оқыта алатын маман иесі байқалды. Әр қатысушыға алғысымызды білдіреміз! Жүлделі орындар иегерлері жабылу салтанатында жарияланады.