23.11.2022
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Студенттер күніне орай жатақхана студенттеріне арналған мерекелік концерт өтті. Еркін форматтағы кеште көңілді би де, қызықты бейнеролик те, түрлі ойын да болды. Бірнеше номинация иегерлері анықталды. Жас өрендер флешмоб билеп, кешті қыздыра түсті. Сондай-ақ ән шырқалып, «Күй жарыс» орын алды. Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы жастарды атаулы мерекесімен құттықтады.