21.11.2022
Өскелең ұрпақтың бойында ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен 14-18 қараша күндері аралығында қазақтың ұлы жазушысы Ілияс Есенберлинге арналған «Адалдық сағаты» өткізілуде. Ағымдағы жылдың 17 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ІІ, ІІІ курс студенттерімен Аяшева Жұлдызай Сұлтанғалиқызы және Шытырымбекова Жұлдыз Өмірбекқызы «Қазақ халқының патриоттық рухын дәріптейтін Ілияс Eсенберлин» атты адалдық сағаттарын ұйымдастырды.