16.11.2022
Құрметті колледж оқытушылары, студенттері! Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің Абай атындағы электронды-ресурстық кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бір колледж, бір кітап» акциясы ұйымдастырылады. Акция жеңімпазы киноға 2 билет ұтып алады.
Билетті ұтып алу үшін келесі шарттарды орындау қажет:
1. Роберт Льюис Стивенсонның «Қазына аралы» атты кітабын толық оқу;
2. 2022 жылдың 15-25 қараша күндері аралығында оқуға уақыт беріледі;
3. Жеңімпаз – кітап бойынша әзірленген тестті орындау арқылы анықталады.
Ескерту: Тестке сілтеме қосымша беріледі.