16.11.2022
2022 жылдың 11 қараша күні «Көкшетау» мәдениет сарайында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің І курс студенттерін студент қатарына қабылдау кеші өткен болатын. Ауқымды іс-шарада Студенттер Парламентінің жаңа ПРЕЗИДЕНТІ сайланды. Қазан-қараша айларының аралығында өткізілген Студенттер парламентінің Президентіне колледжден 6 үміткер өз кандидатурасын ұсынған болатын. Кеш қонағы Жастар ресурстық орталығының басшысы Есекеева Мәнсия Мұхтарқызы Студенттер парламентінің Президенті атанған «Филология» бөлімінің ІІІ курс студенті Хусман Гүлдана Кадирбекқызына арнайы төсбелгі табыс етті. Студенттер Парламенті – жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған студенттік өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны.