Ағымдағы оқу жылының 27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының ұйымдастыруымен БМ-41 және БМ-42ҚБ топтарында «Бастауыш сынып бағдарламасындағы ортақ тақырыптарды модульдік жүйеде оқыту мүмкіндіктері» атты жаңартылған бағдарлама бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара №17 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Мунайдарова Айтжан Балтабайқызы мен Ашимова Салтанат Абуовнаның қатысуымен ұйымдастырылды. Қарастырылған негізгі мәселе – жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сыныптардағы 8 ортақ тақырыпты дұрыс әрі тиімді түрде өткізу. Іс-шара барысында шақыртылған қонақтар мен қатысушы студенттер арасында пікірталас жүргізіліп, диалог алаңы құрылды. Бастауыш мектеп бөлімінің 4 курс студенттері Жүніс Гауһар, Аман Жансая, Асқар Әсем және Айдарбек Гүлмира белсенділік танытты.