АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Жастар жылы және «Рухани жаңғырту» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызды кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту мақсатында 2019 жылдың 27 қараша күні Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары арасында «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» облыстық форумы өтті.
Форумда Ақмола облысы бойынша 9 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өз мамандықтары бойынша көрме ұйымдастырды. Соның ішінде, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі тарапынан «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша көрме ұсынылды. «Дене мәдениеті», «Бастауыш мектеп», «Музыка», «Филология», «Ағылшын тілі», «Информатика» бөлімдері бойынша мағлұмат беріліп, проспекттер таратылды.
Форумның мақсаты – өскелең ұрпақтың белсенді өмірге деген көзқарасының басымдылығын дамыту, жас азаматтарды кәсіби айқындау және өзін-өзі рухани жетілдіру мен өз бетінше шешім қабылдай білуге тәрбиелеу, кәсіпті таңдаудағы оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру және қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне педагогтар мен оқушыларды тарту.